276 халықаралық байқаушы аккредиттелді

22 Желтоқсан 2020, 16:39
1513
Бөлісу:
276 халықаралық байқаушы аккредиттелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы отырысында комиссия мүшесі Анастасия Щегорцова 2020 жылдың 22 қазанында сайлауды халықаралық бақылау институты ашылған сәттен бастап ҚР Орталық сайлау комиссиясының 4 халықаралық ұйымнан және 5 шет мемлекеттен 86 байқаушы аккредиттелгенін хабарлады.

2020 жылғы 22 желтоқсандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігінен аккредиттеуге 4 халықаралық ұйымнан және 14 шет мемлекеттен тағы 190 байқаушының кандидатурасы ұсынылды. 4 халықаралық ұйымнан 167 байқаушы кандидатурасы ұсынылды: ТМД-дағы байқаушылар миссиясының құрамында – 142 байқаушы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының құрамында – 9 байқаушы, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сайлауды байқау жөніндегі шектеулі миссиясында – 2 байқаушы, ШЫҰ-дан бақылаушылар миссиясында -14 байқаушы бар, - деді ол.

Анастасия Щегорцованың мәлімдеуінше, 14 шет мемлекеттен аккредиттеуге 23 үміткер ұсынылған.

Олардың 6-уы шет мемлекеттен - 1 байқаушыдан (Әзербайжан Республикасы, Мажарстан, Испания Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Ресей Федерациясы, Франция), 7 шет мемлекеттен – 2 байқаушыдан, (Армения Республикасы, Индонезия Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Түркия, Үндістан Республикасы, Филиппин Республикасы, Швейцария Конфедерациясы), Румыниядан - 3 байқаушыдан, - деді ол.

Щегорцованың айтуынша, Ортсайлауком мүшелері халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы қаулы қабылдады. Осылайша, 2020 жылғы 22 желтоқсандағы жағдай бойынша 276 халықаралық байқаушы аккредиттелді.

Өзгелердің жаңалығы