27 мемлекет. ЕО елдері қазақстандықтарға визаны жеңілдетпек

2 Қазан 2023, 18:22
1665
Бөлісу:
27 мемлекет. ЕО елдері қазақстандықтарға визаны жеңілдетпек
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Бұл жайында Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еліміздің Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Еуропалық Одақтың астанасы Брюсселге сапармен барған болатын. Сол сапар барысында Еуропалық одақтың виза мәселелеріне жауапты жоғары лауазымды тұлғалармен кездесу өткізді. Жиында екі тарап саяси келісімге қол жеткізді. Онда қазақстандықтарға визалық талаптарды жеңілдету мәселесі қаралды, - деді Смадияров.

Оның сөзінше, визаны ЕО-ның 27 мемлекет жеңілдетуді қарастыруы мүмкін.

Өткен аптада Сыртқы істер министрдің консулдық мәселеге жауапты орынбасары Қазақстанда Еуропалық Одақтың аккредиттелген елшілерімен арнайы кездесу өткізді. Сол кездесуде еуропалық тарап «бұл бағытта бізге де жұмыс қызық, біз жалғастыруға дайынбыз» деген өзінің мәлімдемесін жасады, - деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін ресми өкіл Қазақстан туралы негативті пікір айтқан шетелдіктердің тізімі жасалып жатқанын айтқан еді. Сондай-ақ Максим Галкиннің концертіне қатысты пікір білдірді. 

Өзгелердің жаңалығы