27 кг астам "мефедрон", 1 тоннадан артық прекурсор табылды – ҰҚК

1 Наурыз 2024, 11:47
841
Бөлісу:
27 кг астам "мефедрон", 1 тоннадан артық прекурсор табылды – ҰҚК
VIDEO
Фото: ҰҚК

ҰҚК Астана қаласы бойынша департаменті синтетикалық есірткі өндіру бойынша жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

22 ақпанда ҰҚК Астана қаласы бойынша департаменті астаналық прокуратураның үйлестіруімен қаланың өнеркәсіп аймағында орналасқан синтетикалық есірткі өндіру бойынша жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті.

Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасауды деген күдікпен астананың 2 тұрғыны ұсталды.

Тінту барысында шамамен 80 мың бір реттік дозаға бара-бар 27 кг астам «мефедрон» психотроптық заты, сондай-ақ 1 тоннадан артық прекурсор алынды.

Алынған есірткі құны «қара нарықта» 540 млн теңгеге бағаланады.

Бұдан басқа, Астана қаласы басқа аудандарында зертхана жабдығы бар 40 футтық екі контейнер табылды, тергеу нұсқасы бойынша, олар бірнеше осыған ұқсас өндірісті ұйымдастыру үшін арналған.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.

Өзгелердің жаңалығы