26 мамырда бірнеше өңірде ескерту жасалды

25 Мамыр 2024, 19:38
392
Бөлісу:
26 мамырда бірнеше өңірде ескерту жасалды

"Қазгидромет" РМК сипоптиктері ертең, 26 мамырда еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 26 мамырда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында түнде қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі, күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында 2 градус үсік күтіледі. Көкшетау қ.: 26 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының батысында. солтүстігінде тұман күтіледі. Қарағанды қ.: 26 мамырда түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күңдіз кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертен облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күңдіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, кей уақытта 23 м/с. Облыстың солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Жезқаған қ.: 26 мамырда найзағай күтіледі. Батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күңдіз екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл, тұман күтіледі. Тараз қ.: 26 мамырда түнде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысының оңтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, орталығында, оңтүстік-батысында екпіні 23-28 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қ.: 26 мамырда күндіз найзайғай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында 15-20, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Қостанай қ: 26 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ.: 26 мамырда күндіз найзайғай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысында жел батыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с сақталады. 26 мамырда облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 26 мамырда жел батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел батысқа ауысады, күші облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Павлодар қ: 26 мамырда күндіз найзағай күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында екпіні 23 м/с. Түнде облыстың оңтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Петропавл қ.: 26 мамырда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15 м/с, күндіз күші 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысының батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 26 мамырда батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Атырау облысында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады

Өзгелердің жаңалығы