25 қазанда митинг өткізуге жол бермейміз – ІІМ

17 Қазан 2023, 12:45
2011
Бөлісу:
25 қазанда митинг өткізуге жол бермейміз – ІІМ
Фото: ҚР ІІМ ресми сайты

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желіде жолда кетіп бара жатқан полиция көліктерінің бейнесі тарады. Видеоның авторлары полиция 25 қазанда болатын митингке дайындалып жатқанын айтады. 25 қазанда полиция күшейтілген режимде жұмыс істей ме? Сіз бұл видеоны көрдіңіз бе? Әлеуметтік желі арқылы адамдарды митингке шақыру заңды ма? Мұндай әрекетке барғандар жауапқа тартыла ма?, - деді БАҚ өкілі вице-министрге.

Игорь Лепеха бұл видеоны көрмегенін айтты.

Бізде адамдар әскери колонна кетіп бара жатса, соғыс басталды. Ал полиция колоннасы кетіп бара жатса, митинг шыққандарды қуғалы бара жатыр деп ойлайды. Мен полиция көліктерінің қайда бара жатқанын білмеймін. Біз неге дайындалуымыз мүмкін? Бүгін тек 17 қазан ғой, - деді ол.

Министрдің орынбасары мереке күндері полиция күшейтілген режимде жұмыс істейтінін, заңсыз митинг ұйымдастыруға жол бермейтінін атап өтті.

25 қазан (ред. - Республика күні) мемлекеттік мереке ғой. Біз оған дайындаламыз. Біз (ред. - ІІМ) күшейтілген режимде жұмыс істейміз. Қазір әкімдіктерден барлық іс-шараны сұрап жатырмыз. Онда қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеміз. 25 қазанға митингке шақыруға тоқталайын. Оны ДВК мүшелері істеп отыр. Қазақстанда ол заңсыз экстремистік ұйым болып саналады. Біз ешқандай митинг өткізуге жол бермейміз, - деді Лепеха.

Бұған дейін Лепеха отбасы жанжалына қатысты 13 мың қазақстандық қамауға алынғанын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы