23 жастағы Атырау тұрғыны көпірден секіріп кетті

27 Сәуір 2023, 06:21
701
Бөлісу:
23 жастағы Атырау тұрғыны көпірден секіріп кетті
Фото: pixabay.com

Атыраулық полицейлер көпірден секірген 23 жастағы азаматшаны құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

26 сәуір күні сағат 15:48 шамасында ЖБО қызметкерлері жаяу жүргіншілер көпірінен секірмекші болған әйел адамды байқап, дереу Патрульдік полиция қызметкерлері мен Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөліміне бағыттама берген. Суға секіріп өз-өзіне қол жұмсамақ болған 2000 ж.т. азаматшаны полиция қызметкерлері Максим Рахмиденов және Мұратбек Белекен суға секіріп, қайыққа шығарған. Оларға көмекке Нұртай Жұмабаев пен Жеткіншек Иманғалиев келген, - делінген полиция хабарламасында.

Судың қатты ағысына қарамастан полиция қызметкерлері 7 минут ішінде азаматшаның өміріне араша түскен. Әйел адам ТЖД-нің алғашқы медициналық көмек көрсететін қызметкерлеріне тапсырылған.

Өзгелердің жаңалығы