23 шілдеге арналған ауа райы болжамы

23 Шілде 2023, 03:20
968
Бөлісу:
23 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Фото: архив

23 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазгидромет мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

Атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуі әсерінен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, бұршақ жауады. Тек Қазақстанның оңтүстігінде, батысында, солтүстік-шығысында, орталығында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстік-батысында, түнде батысында жел күшейеді.

Күндіз Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында, Қарағанды, Абай, Ақтөбе, Ұлытау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде 35-41°С қатты ыстық болады.

Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарының басым бөлігінде, орталықта, Қызылорданың шығысында, Павлодардың оңтүстігінде, Ақтөбенің оңтүстік-шығысында, солтүстік-батыста, оңтүстікте, Маңғыстаудың орталығында, Атырау облыстарының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қостанайдың оңтүстігінде, Атырау, Ақмола облыстарының оңтүстігінде, солтүстік, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы