23 мамырға арналған ауа райы болжамы

23 Мамыр 2024, 08:11
254
Бөлісу:
23 мамырға арналған ауа райы болжамы
Фото: архив

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, 23 мамырда атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, дауыл болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еліміздің солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады, түнгі сағаттарда Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстік-батыста, солтүстікте тұман күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, Қызылорда облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Абай облысының орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Абай облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы