22-26 қарашада елімізде X Азаматтық форум өтеді

12 Қараша 2021, 15:28
1129
Бөлісу:
22-26 қарашада елімізде X Азаматтық форум өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Қазақстанның X Азаматтық форумын ұйымдастыру және өткізу» тақырыбындағы брифингте Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет мәлімдеді.

Қожахметтің айтуынша, 21-26 қараша аралығында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстанның альянсымен бірлесіп, қоғам мен мемлекеттің тұрақты даму мүддесіндегі әріптестіктің 30 жылдығына орай Қазақстанның X Азаматтық форумын ұйымдастыру жоспарланған.

Мемлекетіміздің 30 жылдағы саяси және әлеуметтік экономикалық жетістіктерін саралап қана қоймай, сонымен қатар қоғамдық қатынастардағы елеулі өзгерістерді талдап, болашақтағы мақсаттарымызды айқындау заңды құбылыс болып отыр. Сондықтанда іс-шараның өзектелігі айқын деп ойлаймыз, - деді комитет төрағасы.

Оның сөзінше, бүгінгі таңда форум мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы негізгі қарым-қатынастарды дамытуға және әлеуметтік мәселелерді шешуге серпін беретін алаңға айналды.

Биыл X Азаматтық форумы - еліміздің азаматтары үшін Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде азаматтық қоғамның қатысуымен өтетін негізгі іс-шаралардың бірі. Сол себепті ұйымдастырылатын форум нәтижесі арқылы азаматтық қоғам үлкен тарихқа шолу жасап, қоғам мәселелеріне талдау жүргізіп, жарқын болашаққа жету жолымен таныса алатынына сенімдіміз. Осыған орай алдағы уақытта маңызды іс-шараларды әзірлеу арқылы азаматтық қоғамға үлес қосатынымызға сенімдіміз, - деді Мадияр Қожахмет.
Өзгелердің жаңалығы