21 тамызға арналған ауа райы болжамы

21 Тамыз 2022, 10:10
1484
Бөлісу:
21 тамызға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 21 тамызда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталатынын хабарлады. Сонымен қатар, шаңды дауыл, аяз, бұршақ және найзағай күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндіз республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда бұршақ жаууы ықтимал. Республика бойынша кей жерлерде-жел күшейеді, түнде және таңертең солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста, орталықта – тұман, түнде солтүстікте, шығыста, орталықта топырақ бетінде -2°С дейін үсік жүреді, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі, – делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Болжамға сәйкес, Қызылорда облысында, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік жел 5-10 м/с, түнде ауа температурасы + 4...+ 6°С, күндіз +19...+21°С.

Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел 3-8 м/с, түнде ауа температурасы +9...+11°С, күндіз +19...+21°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с, түнде ауа температурасы +13...+ 15°С, күндіз +25...+27°С.

Өзгелердің жаңалығы