2030 жылға қарай Ұлттық қор қаражаты 100 млрд долларға жетуі мүмкін

20 Маусым 2023, 15:40
871
Бөлісу:
2030 жылға қарай Ұлттық қор қаражаты 100 млрд долларға жетуі мүмкін
Фото: Артём Чурсинов - архив

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлттық қордың қаражатын үнемдеу саясатын жалғастыру мақсатында республикалық бюджетке берілетін трансферттер қаражатын біртіндеп азайту жалғасатын болады. Сондай-ақ Ұлттық Банкпен бірлесіп, оның инвестициялық кірістерін арттыруға қатысты шаралар қабылданып жатыр. Бұл Мемлекет басшысының Ұлттық қордың қаражатын 2030 жылға қарай 100 млрд долларға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Үкімет басшысының орынбасары.

Сондай-ақ министр ұлттық жобаларға тоқталды.

Қазіргі уақытта қолданыстағы 10 ұлттық жобаның іс-шараларын Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне және өзге де құжаттарға интеграциялау бойынша жұмыс аяқталуда. Нақты салаларды дамытуға бағытталған 2029 жылға дейінгі 15 тұжырымдама бекітілді. Олар Президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жоспарымен үйлестірілген. Жаңа форматтағы «Жайлы мектеп», «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобалары бекітілді. «Қолжетімді интернет» жобасы әзірленді. Сөйтіп, нақты проблемаларды шешуге бағытталған қысқа əрі нұсқа құжаттар форматына көшу жүзеге асырылуда, - деді Ерұлан Жамаубаев.

Өзгелердің жаңалығы