2027 жылы ҰБТ қалай өзгереді? Талапкерлер нені білгені жөн

Қазақстанда ҰБТ жүйесін жаңарту басталады.

Бүгiн 2026, 11:33
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 11:33
Бүгiн 2026, 11:33
152
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Ақорда кулуарында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысты алдағы өзгерістерді түсіндірді.

Қазақстанда ҰБТ жүйесін жаңарту басталады. Келесі жылдан бастап жаңа форматтағы тест пилоттық режимде енгізілмек.

BAQ.KZ тілшісі министрден “2027 жылдан бастап ҰБТ жүйесінде не өзгереді?” деп сұрады.

Биыл ешкім алаңдамасын. ҰБТ қалыптасқан процедурамен өтеді. Келесі жылдан бастап жаңа балама тест қосылады, – деді министр.

Оның айтуынша, жаңа формат халықаралық тәжірибеге негізделеді.

Қазір ETS компаниясымен бірлесіп жаңа тест әзірлеп жатырмыз. Ол пилоттық режимде 2027 жылы қосылады, – деді Саясат Нұрбек.

Министр ҰБТ-ны түлектер екі рет емес, бір рет тапсыратынын жеткізді.

ҰБТ-ны жылына екі рет емес, бір рет тапсыру мүмкіндігі беріледі. Бірақ талапкерлер өз күштерін сынап көруі үшін негізгі тест емес, сынақ тестін тапсыру мүмкіндігі болады. Ол жағынан уайымдамауға болады, – деді ол.

Яғни министрдің сөзінше, талапкерлер сынақ тестін тапсыра алады, бірақ негізгі тестті тек бір рет тапсырады.

Біз бұған дейін ҰБТ-дағы елеулі өзгерістер жайлы жазған едік.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх