2025 жылға дейін Шығыс Қазақстанда 76 млн ағаш отырғызылады

12 Желтоқсан 2023, 20:04
513
Бөлісу:
2025 жылға дейін Шығыс Қазақстанда 76 млн ағаш отырғызылады
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

2023 жылдың 12 желтоқсанында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Өскемен қаласында жұмыс кездесуі аясында облыстың орман пайдаланушыларымен кеңесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысы – негізгі ағаш-шикізат базасы. Мұнда өнеркәсіптік пайдалануға болатын ормандардың негізгі қоры (ҚР жалпы қорының 50%-дан астамы) шоғырланған.

ҚР Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында мемлекеттік орман қоры жерінде бес жыл ішінде 2 млрд ағаш отырғызу тапсырылған. 2021-2025 жылдарға арналған ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі жұмыстар көлемінің жоспарлы көрсеткіштеріне сәйкес Министрлік Шығыс Қазақстан облысы орман шаруашылығының коммуналдық мекемелеріне бес жыл ішінде жалпы ауданы – 15 000 гектарға 76 млн ағаш отырғызуды тапсырды. Шығыс Қазақстан облысындағы ормандарды молықтыру және орман өсіру көлемін ұлғайтудың кешенді жоспары әзірленді. Жұмыс көлемін нақтылау үшін 2021-2025 жылдарға арналған орман-мәдени жұмыстарды тұқымдық және отырғызу материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың жиынтық өндірістік жоспары әзірленді.

Екі жыл ішінде облыстың орман иелері 5,8 млн көшет көлемінде 1296 га алқапқа орман дақылдарын отырғызды. 33,7 га алқапта орман питомниктерінде егіс жүргізілді. 2023 жылы Шығыс Қазақстан облысының орман иелері жыл сайынғы орман отырғызу көлемінің 3 есеге ұлғаюына байланысты көктем мен күзге орман отырғызу жұмыстарын жүргізуді жоспарлаған. Жоспарға сәйкес, 1577 га аумақта 8 млн дана көшет отырғызылмақ. 22 маусымға дейін 1167 га алаңда 5 млн 510 мың дана ағаш отырғызылған, - делінген хабарламада.

Отырғызу орман иелері мен мамандандырылған ұйымдар әзірлеген орман дақылдарының жобалары бойынша жүзеге асырылады.

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры аумағында барлығы 9 кәсіпорын жұмыс істейді, оларға 6 КММ-де мемлекеттік орман қорының 14 учаскесі бекітілген.

Кәсіпорындардың негізгі қызметі ағаш өңдеу-аралау, ағаш өңдеу машиналары, аралау материалы, ағаштан жасалған бұйымдар.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ауданы – 1 317,3 га құрайды, оның ішінде:

- 2 мемлекеттік табиғи қорық (Батыс Алтай, Марқакөл);

- 1 Мемлекеттік ұлттық табиғи парк (Катонқарағай);

- Республикалық маңызы бар 5 мемлекеттік табиғи қаумал (төменгі Тұрғысын, Қаратал құмдары, Құлұжын (зоологиялық), Тарбағатай (зоологиялық), «Оңтүстік Алтай» (кешенді);

- 1 Республикалық маңызы бар «Синегорск шыршалы тоғайы» табиғат ескерткіші бар.

Өзгелердің жаңалығы