2024 жылдың басында депутаттар халықпен кездесуге барады

27 Желтоқсан 2023, 12:47
391
Бөлісу:
2024 жылдың басында депутаттар халықпен кездесуге барады
Фото: скрин

2024 жылдың басында депутаттар өңірлерге барады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында палата спикері Ерлан Қошанов айтты.

Келесі жылдың басынан бастап депутаттар халықпен кездесу үшін өңірлерге барады. Өндірістік кәсіпорындарға, шахталарға, зауыттарға, ауруханаларға, ТКШ объектілеріне, ауылдарға бару жоспарланған. Тұрғындармен ашық әңгіме жүргізілуі керек, - деді Қошанов.

Ол өз сөзінде депутаттар Президенттің халықтың өмірін жақсарту жөніндегі тапсырмаларының қалай іске асырылып жатқанын бақылау керегін тапсырды.

Халық көтерген барлық мәселені алдағы уақытта Үкімет пен әкімдіктердің алдына қоямыз, - дейді Қошанов.

Бұл жұмысты Мәжіліс төрағасының орынбасары Альберт Рау орынбасары фракция жетекшілерімен бірге үйлестіреді.

Қошанов әріптестеріне нәтижелі жұмыс атқарғандары үшін алғыс айтып, келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.

Өзгелердің жаңалығы