2023 жылы мектептегі күзетші мен еден жуушының жалақысы көтеріледі

28 Сәуір 2022, 12:42
8070
Бөлісу:
2023 жылы мектептегі күзетші мен еден жуушының жалақысы көтеріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2023 жылы мектептегі қызметкерлердің де жалақысы көтеріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Білім және ғылым министрлігінің бірінші вице-министрі Шолпан Каринова айтты.

Мұғалімдер мәртебесін көтеру үшін жыл сайын қыруар қаражат бөлініп жатыр. Баламен жұмыс істеу оңай емес. Ол түсінікті. Бірақ басқа бюджет есебінен айлық алып отырған мамандардың да ынталандыру мақсатында жалақысы көтерілмейді. Мысалы, мектептің күзетшісі, еден жуушының айлығы қашан көтеріледі? – деп ОКҚ алаңында журналистер сұрақ қойды.

Бұл сұраққа Білім және ғылым министрлігінің бірінші вице-министрі Шолпан Каринова жауап берді.

Ел Президентінің тапсырмасымен мұғалімдердің жалақысы екі есеге көтеру жоспарланған. Ол үшін бюджетте барлық қаражат қарастырылған. Көптен бері көтеріліп келе жатқан мәселе – бұл мектепте қызмет ететін күзетшілер, аула тазалаушылардың жалақысы. Осы мамандардың келесі жылдан бастап (2023 жыл – ред.) жалақысын көтеру қарастырылған, - деп жауап берді Каринова.

Өзгелердің жаңалығы