2023 жылы елордада қандай спорт және демалыс орталықтары ашылады?

19 Қараша 2022, 18:00
1611
Бөлісу:
2023 жылы елордада қандай спорт және демалыс орталықтары ашылады?

Бұл туралы Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.  

Алматы ауданында «Қазақстан» спорт сарайы жанында жеке инвестициялар есебінен көпфункционалды балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт орталығының құрылысы жүріп жатыр. Спорт орталығының базасында футбол алаңдары, сол сияқты үстел теннисіне, дзюдоға, парадзюдоға, хореографияға және т.б. арналған залдар болады, - делінген жазбада. 

Қала әкімі сондай-ақ аталмыш көпфункционалды спорт орталығының базасында спортшыларды оңалтуға арналған дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері болатынын атады.

Жеке инвестициялар сомасы 5,5 млрд теңгені құрайтын спорт орталығын 2023 жылы ашу жоспарланып отыр.

Қала әкімі «Алау» мұз сарайының жанынан жеке инвестициялар есебінен үстел теннисі орталығы ашылатынын хабарлады, қаланы аралау барысында жаңа Оқушылар сарайының құрылысымен танысқанын да жеткізді.

Оқушылар сарайының құрылысы да жеке инвестициялар есебінен жүріп жатыр. Оқушылар сарайының жалпы ауданы шамамен 6,5 мың шаршы метрді құрайды. Оның базасында бассейн, сол сияқты гимнастика, спорттық-бал билері залдарын, шахмат, робототехника және IT-бағдарламалау кабинеттерін және т.б. ашу жоспарланып отыр, - делінген жазбада.  

Қала тұрғындарының өтініші бойынша сол жағалауда Оқушылар сарайы 2023 жылы ашылады деп жоспарланып отыр. 

Өзгелердің жаңалығы