2023 жылы Атырауда 2500-ге жуық бизнес-жоба қаржыландырылады

22 Сәуір 2023, 05:46
715
Бөлісу:
2023 жылы Атырауда 2500-ге жуық бизнес-жоба қаржыландырылады
Фото: massaget.kz

Атырауда 2500-ге жуық бизнес-жоба қаржыландырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Жаңабеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде мәлім етті.

Бүгінде облыста жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 65 396 (бұл көрсеткіш өткен жылы 52869 болған).

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту Ұлттық жобасы шеңберінде өткен жылы бюджеттен 8 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға - 6 млрд теңге, несиені кепілдендіруге - 1,9 млрд теңге, мемлекеттік гранттар ұсынуға  106 млн теңге қарастырылған. Облысымызда іскерлік ахуалды жақсарту және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында өңірде бірнеше мемлекеттік жән жергілікті бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерліктің маңызды көрсеткіштерінде өсім динамикасы байқалуда, - деді Н.Жаңабеков.

Оның айтуынша, осы жылы кәсіпкерлерді қаржылық қолдау аясында бюджеттен 10,5 млрд теңге бөлініп, кәсіпкерлердің 2500-ге жуық жобасын қаржыландыру жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы