2022 жылы елордада 16 мектеп салынады

4 Ақпан 2022, 14:31
4590
Бөлісу:
2022 жылы елордада 16 мектеп салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында биыл салынатын мектептер жайлы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Баланың білім алуға деген зейінін ашу үшін білім беру сапасын арттырып, оқуына барлық жағдай жасалып жатыр. Бәрімізге белгілі, мектеп – баланы тұлға ретінде қалыптастыратын орын. Мектеп құрылысына жеке инвестициялар тартамыз. Инвесторлармен кездесіп, білім беру саласындағы жобаларды, яғни мектептер мен балабақшалардың құрылысын талқыладық. Инвесторларға қойылатын шарт – мектеп құрылысыны белгіленген мерзімде бітіру, – деді елорда әкімі.

2022 жылы елордада 16 мектеп салынады

Сондай-ақ ол кешенді жоспар аясында 5 жылдық кезеңге 70-ке жуық мектеп салу жоспарланғанын да айтты.

2022 жылы елордада 16 мектеп салынады

Биыл 16 мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Кешенді жоспар аясында 5 жылдық кезеңге 70-ке жуық мектеп салу жоспарланған. Оқу орындары барлық аудандарда, соның ішінде елді мекендерде салынып жатыр. Оқу орындарына қажеттілік бар аудандарға баса назар аударамыз.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша соңғы жылдары мектеп құрылысының көлемі айтарлықтай ұлғайды. Мысалы, 2019 жылы 6 мектеп салынса, 2020 жылы 11 мектеп салынды. Өткен жылы 15 мектеп салдық. Бұл 40 мыңға жуық оқушы орнын ашуға мүмкіндік берді. Жаңа мектептер есебінен үш ауысымды мектептер саны 5 оқу орнына қысқарды, сол сияқты 10 мектепте шамадан тыс жүктеме мәселесі шешілді, – деп жазды елорда әкімі.

2022 жылы елордада 16 мектеп салынады
Өзгелердің жаңалығы