2021 жылы жемқорлық жасағаны үшін кімдер сотталды?

5 Ақпан 2021, 13:35
3794
Бөлісу:
2021 жылы жемқорлық жасағаны үшін кімдер сотталды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров «Antikor news» жобасы аясында өткен брифингте айтты. 

2021 жылы Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Ақтау қаласы Полиция басқармасының жедел-криминалдық бөлімшесінің жедел уәкілі Д.Айбеков 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол ұйымдасқан қылмыстық топта өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, қылмыстық топ басшысынан жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық үшін притондарды ұйымдастыру мен қызметін қамтамасыз етуде жалпы қамқорлығы 3 млн теңге мөлшерінде ақша қаражатын алды деген күдікке ілінген, - деді Данияр Бекайдаров. 

Сондай-ақ, ол Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен М.Сүлеймен алаяқтық жасауға оқталғаны және аса ірі мөлшерде пара беруге итермелегені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылғанын айтты.

Ол жер учаскесінен ауыртпалықты алып тастау және 11 қабатты тұрғын үйді пайдалануға беру мәселелерін оң шешу сылтауымен бұрын келісілген 90 000 АҚШ долларынан аса ірі мөлшерде 46 500 АҚШ доллары сомасында пара беруге итермелегені және алаяқтық жасауға оқталу жолымен пара алды деген күдікке ілінді, - деді ол. 

Сонымен қатар, әулиекөл аудандық сотының үкімімен сотталғанға қатысты азаптауды қолданғаны үшін «Қостанай облысы бойынша ҚАЖД» УК-161/4 мекемесі» РММ-нің режимдік-жедел жұмыс жөніндегі бастығының орынбасары А.Б.Шоқанов 2 жыл 6 айға бас бостандығына шектеу қою жазасына кесілген.

Сондай-ақ, Қызылорда облысы Шиелі аудандық сотының үкімімен «Шиелі ауданының білім бөлімі» МҚМ сектор меңгерушісі А.Байхожина 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Ол жалпы сомасы 122 млн теңге болатын Шиелі ауданының мектептеріне көмір жеткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу шарты бойынша бөлімнің лауазымды тұлғаларына бұрын келісілген 6 млн теңгеден (5% мөлшерінде) 3 млн теңге пара беруге итермеледі және алдау жолымен алды деп күдіктелген, - деді ол. 

Бекайдаров Зеренді аудандық сотының үкімімен «Зеренді ауданының ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ жанындағы «Зеренді Сервис» ШЖҚ МҚК бас бухгалтері О.А.Тимофеева орташа қауіпсіз түзету мекемелерінде жазасын өтеумен 3 жылға бас бостандығынан айырылғанын айтты.

Ол өзінің жақын туыстарына еңбекақыны негізсіз аудару арқылы электрондық-цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, - деді ол. 

Сондай-ақ, биыл сот үкімімен Павлодар облыстық адвокаттар алқасының адвокаты М.Мәкенов алаяқтыққа оқталғаны және пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды және оған өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырумен 2 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілген.

Ол бас бостандығынан айырумен байланысты емес айыптау үкімін шығару үшін судьяға пара беру сылтауымен 2 млн теңге сомасында (бұрын келісілген 2,5 млн теңгеден) алдау және пара беруге итермелеу жолымен өзінің қорғауындағы адамның ақша қаражатын иемденді деген күдікке ілінген.

Ақтау қалалық сотының үкімімен Маңғыстау облысы адвокаттар алқасының адвокаты К.Көшкінов өмір бойы адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айырумен 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Көшкінов алаяқтық пен пара беруге итермеледі деген күдікке ілінді, - деді ол. 

Атырау облысы бойынша Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі полиция капитаны Р.Зұлқашев өмір бойына белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан және полиция капитаны атағынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған.

Ол Өзбекстан Республикасы азаматтарының паспорттарын заңсыз алу тартып алып, оларды қайтару үшін ақша алу мақсатында өкілеттіктерді асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.

Ақтау қалалық сотының үкімімен Ақтау қаласы ПБ патрульдік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты А.М.Мұратов 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол көлік құралын есірткіден мас күйінде басқару фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін Ақтау қ. ПБ патрульдік полиция қызметкерлеріне 250 000 теңге сомасында пара беруге итермелегені үшін сотталды. Сондай-ақ, ШҚО Бородулиха ауданы сотының үкімімен Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экспорттық бақылау бөлімінің бас маманы М.А.Макаев 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаев ҚР мен РФ мемлекеттік шекарасы арқылы халық тұтынатын тауарларды кедергісіз тасымалдағаны үшін пара алды деген күдікке ілінді, - деді Бекайдаров.


Өзгелердің жаңалығы