2021 жылы туризм саласына 564 млрд теңге инвестиция тартылды – Тоғжанов

22 Ақпан 2022, 11:22
2042
Бөлісу:
2021 жылы туризм саласына 564 млрд теңге инвестиция тартылды – Тоғжанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылы туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 564 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің туризм саласы бойынша кеңейтілген алқа отырысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.

Туризм елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында орын алатыны белгілі. Ол тек экономиканың дамуына ғана емес, сондай-ақ халықтың табысын арттырудың негізгі көзі. Сол себепті елдің ресурстары туризмнің барлық түрін дамытуға мүмкіндік береді, - деп айтты Тоғжанов алқа отырысының ашылуында.

Оның айтуынша, бүгінгі күні дұрыс ұйымдастырылған мемлекеттік саясат пен туристік қауымдастықтың үлесінде өзара іс-қимылдың арқасында салалы-жүйелі даму қамтамасыз етілген.

Мұның бәрі оңай болған жоқ. Талай кедергілер де болды. Оған пандемия да әсерін тигізді. Сондықтан осы бағытта нақты жұмыстар жүргізу қажет. Десе де жоспарланған біраз жұмыс жүзеге асырылды. Нәтижесінде 2021 жылы туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 564 млрд теңгені құрады. Бұл қиын кезеңдерді ескеріп, басқа мемлекеттермен салыстыратын болсақ, жақсы көрсеткіш деп айтуға болады, - деп атап өтті Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Өзгелердің жаңалығы