2021 жылдан бері 6000 журналист арнайы курстан өткен

26 Желтоқсан 2023, 13:02
935
Бөлісу:
2021 жылдан бері 6000 журналист арнайы курстан өткен
Фото: ОКҚ

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алыңында өткен брифингте белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, 2024 жылға салалық журналистиканы дамытуда БАҚ өкілдеріне тағы да бірқатар курстар өткізіледі.

2021 жылдан бастап 6000-нан астам журналист үздік жоғары оқу орындары базасында меморандум шеңберінде медициналық, экологиялық, діни, қаржы-экономикалық, құқықтық, этносаралық, аграрлық және IT-салаларда оқыту курстарынан өтті. 2024 жылға салалық журналистиканы дамыту бойынша тағы да бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Осылайша, 14 ЖОО базасында «Іскерлік журналистика», «Медиа және саяси сауаттылық», «Қазақстанның экожүйесін сақтау және қалпына келтіру: бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердің әсері», «Қазақстанның спорт журналистикасындағы тиімді коммуникациялар», «журналистикадағы жасанды интеллект», «этносаяси сауаттылық» оқыту курстары өткізіледі,-деді министр.

Өзгелердің жаңалығы