2020 жыл Волонтер жылы деп жарияланды

27 Тамыз 2019, 17:07
3241
Бөлісу:
2020 жыл Волонтер жылы деп жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Волонтер жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Волонтерлікті дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. 2020 жыл Волонтер жылы деп жариялансын;
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Волонтер жылын өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын;
  3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін;
  4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген хабарламада.

 


Өзгелердің жаңалығы