2022 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары еліміздегі 914 кәсіпорнының 21,7 мың жұмыскерге 5,3 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешегі бар екенін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 881 нұсқама беріліп, 144,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 20,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 5,2 млрд. теңге төленді.