2019 жылы елден 45 мыңнан аса адам көшіп кеткен

12 Наурыз 2020, 04:19
1127
Бөлісу:
2019 жылы елден 45 мыңнан аса адам көшіп кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың қаңтар-желтоқсанында Қазақстанның ішкі көші-қон көрсеткіші 1,1 миллион адам болды. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 25,6 пайызға көп, деп хабарлайды Ranking.kz.

Сарапшылардың мәліметінше, Қазақстанға келгендердің ішінде 1,7 мың бала, 9,5 жасөспірім және 1,1 мың жұмысқа қабілетті және зейнеткер келген.

Одан бөлек, 11,7 мың бала мен жасөспірім, 31,5 мың жұмысқа қабілетті адам мен 2,1 мың зейнеткер елден көшіп кеткен.

Ұлт бойынша елге көбіне 7 мың қазақ, 2, 65 мың орыс және 301 қарақалпақ ұлтының өкілдері келген. 32,8 мың орыс, 3,2 мың неміс және 3 мың украиналық елден көшіп кеткен, - дейді сарапшылар.


Өзгелердің жаңалығы