200 шақырым суару желісі тазартылды

12 Сәуір 2024, 18:18
310
Бөлісу:
200 шақырым суару желісі тазартылды
Фото: ОКҚ

Алты облыстың ауылшаруашылық алқаптарына су беруді жақсарту үшін 200 шақырым суару желісі тазартылды. Барлығы 500 шақырымнан астам су арнасын тазалау жоспарланып отыр. Каналдарды тазарту жұмысы Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы  Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева ОКҚ алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

Сондай-ақ Қазақстанның 8 өңірінде: Жетісу, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Түркістан облыстарында, БҚО және ШҚО-да 74 гидротехникалық құрылысты жөндеу жоспарланған. Суару маусымына дайындық аясында 110 су шаруашылығы нысаны жөндеуден өтіп жатыр, - деді спикер.

Ведомствоның ресми өкілі еліміздегі су қоймаларындағы осы сағаттағы жағдай туралы баяндады. Атап айтқанда, Жабай өзенінің реттелмейтін ағыны артып келеді, Атбасарда су тасқыны бар. Астана су қоймасына түсетін су транзиттік режимде жіберіліп жатыр. Су қоймасына ағынның төмендеу үрдісі байқалады. Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы, өзен суының арнасынан шығуы жалғасып жатыр. Аймақта күрделі жағдай сақталуда. Абай облысында Шүлбі су қоймасы 97%-ға толды. Аймақта су тасқынының белсенді кезеңі басталды. Иреклі су қоймасынан жіберілген су Қазақстан шекарасына әзірге жеткен жоқ. Бұл су 16-17 сәуірде келеді деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы