200 дана трамадолды түзеу мекемесіне кіргізбек болғандар ұсталды

1 Сәуір 2023, 09:51
803
Бөлісу:
200 дана трамадолды түзеу мекемесіне кіргізбек болғандар ұсталды
Фото: polisia.kz

Қызылордалық кәсіпкер 200 дана трамадолды түзеу мекемесіне алып кірмек болған жерінен ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Қызылорда облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мемлекеттік мекемесінінде орын алған. Қызыметкерлер тексеріс барысында, жұмысшы кейпіндегі адамның қос аяқ киімінің ішінен белгісіз зат тапқан.

«Қызылорда полиция басқармасының жедел тергеу тобы шақырылып, кәсіпкерден табылған зат тіркеуге алынды. Текеру барысында ақ түсті полиэтилен пакетке оралған 200 дана дәрі тәріздес зат екені анықталды. Кәсіпкердің сөзінше екі полиэтилен пакетке бөлініп жасырынған зат – трамадол», – дейді түзеу мекемесінің қызыметкерлері.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
 

Өзгелердің жаңалығы