20 тамызға арналған ауа райы болжамы

20 Тамыз 2022, 08:15
1071
Бөлісу:
20 тамызға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК-сы тамыздың 20-сы күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады.

Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, елдің шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда бұршақ жауады.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, елдің шығысында түнде және таңертең тұман түседі, солтүстікте, шығыста, республиканың орталығында түнде топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Бесқарағай ауданында Абай облысының төтенше өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы