20 қарашаға арналған ауа райы болжамы

20 Қараша 2023, 08:25
559
Бөлісу:
20 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Фото: архив

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 20 қараша күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» деректеріне сәйкес, республиканың басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады, күн жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

Тек республиканың батысында, қиыр шығысында, оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінің таулы аудандарында циклон және онымен байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар), республиканың оңтүстік-шығысында кей уақытта түнде қатты жауын-шашын болады.

Қазақстан Республикасы бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, батыс және солтүстік-батыста желдің екпіні 23-28 м/с-ке күшейіп, көктайғақ болады.

Өзгелердің жаңалығы