2 трлн теңге болмаса, Жолдау жүзеге аспайды – вице-премьер

4 Қыркүйек 2020, 11:20
1391
Бөлісу:
2 трлн теңге болмаса, Жолдау жүзеге аспайды – вице-премьер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Президентінің Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау үшін шамамен 2 триллион теңге қажет. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов айтты.

Жолдауда айтылған Президенттің тапсырмалары тиісті қаржылық қолдауды қажет етеді. Биылғы жылдың республикалық бюджетінде белгілі бір қаражат қарастырылған. Мәселен, 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасын құруға 30 миллиард теңге бөлінген.  Үкіметтің резервінен әлеуметтік жағынан осал отбасылардың балаларына компьютерлік жабдықтар сатып алуға қазірдің өзінде 70 миллиард теңге бөлінді, - деді Смайылов.
Оның айтуынша, қазіргі таңда 2020 жылғы бюджетті нақтылау аясында осы жылдың шығындарын қосымша қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Атап айтқанда, медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеу, дәрі-дәрмек сатып алу және басқа шығындар. Алдын ала есептеу бойынша, биыл қосымша қажеттілік 300 миллиард теңгені құрайды. Ал 2021 жылдың бюджетінде Президенттің Жолдауда айтқан тапсырмаларын орындауға 1,6 триллион теңге қарастырылып отыр. Бірінші кезекте, бұл медициналық қызметкерлердің, мұғалімдердің жалақысын арттыру, ШОБ-қа несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салуға және "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасын іске асыруға жұмсалады, - деді вице-премьер.

Оның айтуынша, жекелеген тапсырмалар бойынша мемлекеттік органдармен бірлесіп қазір шығыстар нақтыланып жатыр екен. 

Жолдауды орындауға қажет қаражат, негізінен, бюджеттің шығыс бөлігін оңтайландыру, көлеңкелі экономиканы азайту жұмысынан түсетін түсімдер, салық салу базасын кеңейту, жеке инвестциялар және кәсіпкерлікті дамыту есебінен қамтамасыз етіледі, - деді Әлихан Смайылов.

Қаржы министрлігінің хабарлауынша, бюджетке түзетулер әзірлеу жоспарланып отыр. Шамамен қыркүйектің аяғы - қазан айының басында Мәжілісте түзетулер енгізіледі.

Өзгелердің жаңалығы