2 тамызға арналған ауа райы болжамы

2 Тамыз 2019, 08:48
1232
Бөлісу:
2 тамызға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмада фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, республиканың кей жерлеріңде жаңбыр жауып, найзағай болады, деп хабарлады Қазгидромет РМК.

Тек республиканың оңтүстігінде  жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жел күшейеді, дауыл, шаңды дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола облысында дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, түнде жел күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жетеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күшейеді. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе түнде және таңертең Қызылорда, Атырау, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с шаңды дауылмен күшейеді.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Қарағанды Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы