2 мың гектарға бақ отырғызылады – АШМ

8 Ақпан 2020, 01:30
1649
Бөлісу:
 2 мың гектарға бақ отырғызылады – АШМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 4 жыл ішінде шетелден импортталатын ауыл шаруашылығы өнімдерін отандық өнімдерге алмастыруды жоспарлап отыр, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Азық-түлік тауарларының негізгі түрлерінен Қазақстан өзін 80 пайызға қамтамасыз етеді, ал кейбірінен тіпті артықшылық бар. Тек алты тауар, олар: алма, балық, шұжық өнімдері, ірімшік, сүзбе, қант және құс еті бойынша импорт тәуелділігі сақталуда. Десекте, бұл олқылықты ҚР АШМ жақын уақытта жоюды жоспарлап отыр, - делінген ақпаратта.
Биыл жылына 105 мың тонна сүт өндіретін 25 тауарлық сүт фермасы, 3 ет комбинаты, қуатылығы 73 мың тонналық 8 құс фабрикасы салынатын болады, 2 мың гектарға бақ отырғызу жоспарланған, Сондай-ақ, Жамбыл және Павлодар облыстарында жылына жалпы өндіріс қуаты 200 мың тонна қант өндіретін 2 қант зауытының құрылысы басталды. Сонымен қатар, қолданыстағы үш қант зауыты жаңғыртылады.

Бұдан басқа, суармалы жерлердің көлемі азықтық дақылдары үшін – 45 мың га, көкөністерге – 15 мың га кеңейтіледі. Сондай-ақ, әртараптандыру бойынша тиімділігі жоғары "майлы және бұршақты" дақылдарға арналған егістік алқабы ұлғайтылатын болады.

Аталмыш шаралар осы жылы ауыл шаруашылығы өнімдері импортының жалпы үлесін 36,2%-дан 31,2%-ға дейін қысқартуға, ал 2024 жылға қарай елдің ішкі нарығын отандық азық-түлікпен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.




Өзгелердің жаңалығы