2 маусымға арналған ауа райы болжамы

2 Маусым 2023, 08:08
647
Бөлісу:
2 маусымға арналған ауа райы болжамы
Фото: egemen.kz

Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылдың 2 маусымына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК деректеріне сүйенсек, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыста, солтүстік-батыста, күндіз оңтүстік-шығыста, Қазақстанның таулы аймақтарында найзағай ойнап, күн күркіреп, жаңбыр жауады. Республикамыз бойынша жел екпіні сақталады, еліміздің батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі.

Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында өте қатты ыстық болады деп болжанады. Қостанай, Ұлытау, Атырау облыстарының солтүстігінде, шығысында да күн қатты ысиды деп күтіледі, – делінген хабарламада.

Болжамға сәйкес, Маңғыстау облысының орталығында, солтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Қарағанды қаласының оңтүстік-шығысында, Ұлытау қаласының орталығында, Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, - деп жазылған «Қазгидромет» мәліметінде.

Сондай-ақ Жамбыл облысының басым бөлігінде өрт қаупі жоғары, өңірдің солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Бұған дейін синоптиктер 2023 жылдың маусым айында ауа райы қандай болатынын жариялаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы