2 келі гашишті сату кезінде ұсталған Петропавл тұрғыны 11,5 жылға сотталды

9 Тамыз 2022, 22:03
1096
Бөлісу:
2 келі гашишті сату кезінде ұсталған Петропавл тұрғыны 11,5 жылға сотталды

2 келі гашишті сату кезінде ұсталған Петропавл тұрғыны 11,5 жылға сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Есірткіні сату – аса ауыр қылмыстар санатына жатады, заңнамада бұл қылмыстар үшін қатаң жаза қарастырылған. 

Жыл басынан бері СҚО-да есірткіні сатқаны үшін 22 адам сотталды. Олардың біреуі – бұрын істі болған 35 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны. Өткен жылдың қыркүйек айында жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ол 2 келіге жуық гашишті сатып тұрған жерінен “Тайга” сауда орталығының жанында ұсталды. 

Аталған түрдегі есірткі заты үшін аса ірі көлем 200 грамнан басталады. Айта кетерлік жайт, ұсталған адам бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет жазаға тартылған. Бірақ бұдан өзіне ешқандай қорытынды жасамаған: ер адам шектеу жазасына тартылған кезінде есірткі сатумен айналысқан. Сот бұл фактіні ескеріп, есірткі қылмысын жасағаны үшін көзделген мерзімге ұрлық жасағаны үшін өтелмеген жаза мерзімінің бір бөлігін қосты. Сот үкімі – қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде 11,5 жыл бас бостандығынан айыру. 

Жалпы жыл басынан бері СҚО-да есірткі сатудың 46 фактісі тіркелді, олардың 27 – аса ауыр, яғни бірнеше рет, топпен жасалған, аса ауыр көлемде. Заңсыз айналымнан жалпы 300 кг-дан астам есірткі тәркіленді. СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасында 8 (7152) 39-72-16 сенім телефоны жұмыс істейтіні туралы еске саламыз. Сенім телефоны арқылы есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар фактілерді хабарлауға болады. Сондай-ақ, полицияға Instagram, Facebook әлеуметтік желілеріндегі аккаунтар және “102” арнасы арқылы хабарласуға болады. Азаматтық қоғамның белсенді түрде көмек көрсетуі – есірткі бизнесіне қарсы күрестің негізгі шарттарының бірі, – деп хабарлайды СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.

Өзгелердің жаңалығы