2 күн ішінде 16 мың кәсіпкер жұмысын бастауға өтінім берді

16 Тамыз 2020, 21:40
2382
Бөлісу:
2 күн ішінде 16 мың кәсіпкер жұмысын бастауға өтінім берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 тамыз, дүйсенбіден бастап бизнес локдауннан шығады, сауда орталықтары, қоғамдық тамақтану орындары, автосалондар, балалар білім беру мекемелерін қоса алғанда бірқатар кәсіпкерлік субъектілерге қойылған шектеулер алынып тасталады. 

ҚР Бас санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 14 тамыздағы №47 қаулысына сәйкес жұмысты бастауға рұқсат алу үшін кәсіпкерлік субъектілердің барлығына электронды цифрлық қолтаңба арқылы www.infokazakhstan.kz сайтынан тіркеуден өту қажет.

Бұл платформа «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен іске қосылған. Екі күн ішінде 16 500 кәсіпкер порталға өтінім беріп үлгерді, соның ішінде 9 444 кәсіпкер нысандарын іске қосуға рұқсат алды.

Электронды рұқсатты басып шығарып, нысан ішіне іліп қою керек.

Жұмыс бастауға көмектесетін www.infokazakhstan.kz сайтының функционалы кеңеюде, атап айтқанда айдар тетіктері жақсарды, кәсіпкерлер тізімі жаңартылды, сауда және ойын-сауық орталықтары, бизнес орталықтарды жалға алушылар, сондай-ақ базардағы жалға алушылар қосылды.

Кәсіпкерлерге кеңес беру үшін 1432 байланыс орталығы тәулік бойы қызмет көрсетеді (қоңырау шалу тегін).

Сонымен қатар t.me/infokazakhstan телеграм-канал іске қосылды, онда портал жұмысына қатысты соңғы жаңалықтар және бизнес өкілдеріне басқа қызықты ақпарат жарияланады. 
Өзгелердің жаңалығы