2 бала көз жұмды, 15 баланың жағдайы ауыр - Есмағамбетова қызылша ахуалы жайлы

28 Желтоқсан 2023, 11:25
2163
Бөлісу:
2 бала көз жұмды, 15 баланың жағдайы ауыр - Есмағамбетова қызылша ахуалы жайлы
Фото: автордан

Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова Сенаттың жалпы отырысының кулуарында елдегі қызылшаның ахуалы жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қызылшаға қатысты көп ата-ана баласына вакцина салғанша, ауырып шықсын деп ойлайды. Қызылшаның өзінен емес, оның асқынуынан қорқу керек. Себебі қызылшамен ауырған балада 5-7 жылдан кейін панэнцефалит пайда болуы мүмкін. Яғни жалпақ тілмен айтқанда ми жойылып кетеді. Қызылша 5 жасқа дейінгі балаларға өте қауіпті. Қызылшамен ауырып шыққан бала кем дегенде 2 жыл ішінде инфекция ауруларын жұқтыруға бейім болады. Екі өлім дерегі тіркелді,- деді вице-министр.

Оның айтуынша, бала өлімі Астана мен ШҚО-да тіркелген.

Олар - бір жасқа толмаған сәбилер. Яғни вакцинация жасына жетпеді. Бір бала шала туған өз потологиясы болған, оның үстіне қызылша қосылған. Вакцинациямен қамту кезінде біз 95 пайыз қамтылды десек, соның 5 пайызында осындай санат болуы мүмкін. Ұжымдық иммунитет вакцинацияға жатпайтын балаларды сақтау үшін керек, - деп айтты Есмағамбетова Сенатта.

Ол 15 баланың жағдайы ауыр екенін айтты.

Олардың барлығы өңірлерде. Денсаулық сақтау министрлігі әрбіреуінің жағдайын бақылауда ұстап отыр, - деп түсіндірді Айжан Есмағамбетова.

Өзгелердің жаңалығы