181 жолаушы болған: Қырғызстанда ұшақтың шассиі сынып, бір қанатына қарай қисайып қалды

Шассиі зақымдалған лайнер қанатына қарай қисайып, салдарынан әуежай жұмысы уақытша тоқтады.

Бүгiн 2026, 20:17
АВТОР
 видеодан скриншот Бүгiн 2026, 20:17
Бүгiн 2026, 20:17
59
Фото: видеодан скриншот

Қырғызстанда Tez Jet әуе компаниясының ұшағы ұшуға әрекеттенген сәтте артқы шассиінің бірі сынып, салдарынан әуе кемесі қисайып, сол жақ қанатына тіреліп қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қырғызстан әуежайлары» ААҚ мәліметінше, ұшақ ауаға көтеріліп үлгермеген. Екпін алу кезінде ұшқыштар әуе кемесін дер кезінде тоқтатқан.

Бортта 181 жолаушы болған.

Оқиға салдарынан авиациялық керосин төгілді. Қазіргі уақытта оқиға орнында өрт сөндіру қызметі мен әуежай мамандары жұмыс істеп жатыр.

Төтенше жағдайға байланысты барлық рейс уақытша тоқтатылды. Әуежай әкімшілігі ұшақтарды қабылдау мен жөнелту тек жанармай төгілуінің салдарын жойып, зақымдалған әуе кемесін эвакуациялағаннан кейін ғана мүмкін болатынын түсіндірді.

Оқиға орнында әуежай басшылығы жүр. Қазіргі уақытта болған жағдайдың себептерін анықтайтын арнайы комиссия құру мәселесі қарастырылуда.

Еске салайық, бұған дейін Air Astana ұшағы қолайсыз ауа райына байланысты Алматыға қайта қонды.

Наверх