Air Astana ұшағы қолайсыз ауа райына байланысты Алматыға қайта қонды

Әуе кемесі Алматы әуежайына қайтарылған.

 pixabay Кеше 2026, 22:53
Кеше 2026, 22:53
124
Фото: pixabay
2 шілде күні Air Astana әуе компаниясының Алматы – Астана бағыты бойынша ұшқан KC 641 рейсі қолайсыз ауа райына байланысты межелі әуежайға қона алмай, Алматыға қайта оралды.

Әуе компаниясының мәліметінше, Астана мен Қарағанды қалаларындағы күрделі ауа райы жағдайына байланысты ұшаққа қону мүмкін болмаған. Осыған байланысты әуе кемесі Алматы әуежайына қайтарылған.

Астана мен Қарағандыдағы қолайсыз ауа райына байланысты ұшақ Алматыға кері қайтты. Қазір Астанаға қайта ұшуға дайындалып жатыр, – делінген компания хабарламасында.

Қазіргі уақытта ұшақ Астанаға қайта ұшуға дайындалып жатыр.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялаған болатын.

Астана мен Қарағандыда жаңбыр, найзағай және екпіні секундына 20 метрге дейін жететін қатты жел болады деп болжанған.

Наверх