Ескірген ауыл шаруашылығы техникалары утилизацияға қабылданады

17 Қаңтар 2021, 05:31
2157
Бөлісу:
Ескірген ауыл шаруашылығы техникалары утилизацияға қабылданады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 2021 жылы істен шыққан ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратуға қабылдау квотасының мөлшерін мақұлдады.

Аталған бағдарламаны іске асыру аясында жыл соңына дейін қабылдау бекеттері 2380 бірлік аграрлық техниканы: 1900 бірлік тракторды; 480 бірлік комбайнды қабылдауды жоспарлап отыр.

Ауыл шаруашылығы техникасын қабылдау Қазақстанның 11 аймағында екі кезеңде жүзеге асырылады: 18 қаңтардан бастап Қостанай, Петропавл, Көкшетау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Талдықорған, Шымкент қалаларында, 1 ақпаннан бастап Павлодар, Алматы және Тараз қалаларында. 

Биылдан бастап агротехниканы өткізушілерге ыңғайлы болу үшін recycle.kz сайтында алдын ала өтінімді қарайтын жүйе енгізілді. Сол арқылы көлік тапсырушы техникасын электронды кезекке қоя алады. Ол үшін ауыл шаруашылығы техникасының иесі арнайы электрондық үлгіні толтырады. Оған керегі екі құжат: жеке куәлік және техниканы тіркеуден шығарғандығы туралы анықтама және ауыл шаруашылығы техникасының жан-жағынан түсірілген бірнеше суреті қажет. Өтінім мақұлданған жағдайда, автоматтандырылған жүйе өтінім берушіге аграрлық техниканы кәдеге жаратуға тапсыру күні мен уақыты туралы ақпарат береді. 

Жеңілдік сертификатын Қазақстанда құрастырылған су жаңа ауыл шаруашылығы техникасын немесе елімізде шығарылған жеңіл, жүк және жолаушылар көлігін сатып алатын кезінде пайдалануға болады. 

Тозығы жеткен ауылшарушылық техникасын кәдеге жаратуға тапсыру үшін ӨКМ Операторының www.recycle.kz ресми сайтына кіріп, кезекті алдын ала броньдауға өтінім толтыру қажет. Сол жерде «қалдықтарды басқару», «Ескі көліктерді қабылда» бөлімдеріне өту керек. 

Өзгелердің жаңалығы