17,4 млн. Студенттерге заңсыз стипендия берген директор ұсталды

22 Сәуір 2023, 11:19
664
Бөлісу:
17,4 млн. Студенттерге заңсыз стипендия берген директор ұсталды
Фото: smi24.kz

Сабаққа қатыспаған студенттерге 17,4 млн теңге заңсыз стипендия аударған директор жазаланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызылорда облыстық прокуратурасы өңірдегі колледждердің бірінде сабаққа қатыспаған және семестр қорытындысы бойынша қанағаттанарлық баға алған студенттерге стипендия аудару дерегін анықтады.

Аталған дерек бойынша облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. Сараптама қорытындысы бойынша келтірілген залал - 17,4 млн теңге. Қызылорда қаласының №2 сотының үкімімен колледж директоры ҚР Қылмыстық кодексінің 371-бабында (немқұрайлылық) көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған жаза тағайындалып, келтірілген залал толық өтелді. Облыстық прокуратура тарапынан бюджет қаражатын игеру саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады, - деді облыстық прокуратурадан.

Өзгелердің жаңалығы