174 ауыл әкімі жауапқа тартылды

22 Маусым 2023, 11:08
796
Бөлісу:
174 ауыл әкімі жауапқа тартылды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Прокурорлар жайылымдық жерлердің жасанды тапшылығын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түркістан облысының прокуратурасы «Қолжетімді жайылым» жобасының аясында 174 ауыл әкімін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 498-бабы (статистиканы қосып жазу және бұрмалау) бойынша 5 млн теңгеге әкімшілік жауаптылыққа тартты, - делінген хабарламада.

Әкімдер ауыл аймақтарда сүт және ет өнімдерін өндіру бойынша көрсеткіштерді «жақсарту» мақсатында статистикалық есептерге қасақана шаруа қожалықтарындағы мал бастарын қосып жазған.

Нәтижесінде бұрмаланған есептерді аудан әкімдері жайылымдық жерлерді басқару жобасын түзу және бекіту барысында қолданған.

Қазіргі таңда аталған статистика прокурорлардың ықпалымен ретке келтіріліп, облыс бойынша нақты қажеттілік 3 есеге, яғни 2,1 млн га-дан 652 мың га дейін төмендеген.

Одан бөлек, прокурорлық актілердің негізінде қала, аудан әкімдіктерімен бұдан алдын бекітілген мағыналас жобаларды қайта қарау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осы тектес кемшіліктерді алдын алу мақсатында стратегиялық жоспарлау және реформалар бойынша агенттігіне, ауылшаруашылығы министрлігіне және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне мал шаруашылығы саласындағы бағдарламаларды интеграциялау бойынша бірқатар ұсыныс жолданды.

Өзгелердің жаңалығы