Каспий теңізінің жағалауында жасөспірім құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.
4 шілде сағат 21.40-та Каспий теңізінің жағалауында, атап айтқанда жартасты жол пирсінің ауданында Маңғыстау облысы ТЖД мобильді құтқару бекетінде кезекшілігін атқару кезінде жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 2006 жылы туған азаматты құтқарды.
Жасөспірім жабдықталмаған жерде шомылған. Медициналық көмек қажет болған жоқ. Азаматтарға абай болуға және судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз, - делінген хабарламада.