Әлемдік нарықта мұнай бағасы сейсенбі күні төмендеді. Ал ресейлік Urals маркалы мұнайдың құны керісінше өсті.
OilPrice.com мәліметінше, Brent маркалы мұнайдың қаңтар айындағы фьючерстері барреліне 91,60 долларды құрады. Баға 0,84 долларға немесе 0,91 пайызға төмендеді.
17 қараша күні таңертең WTI маркалы мұнай фьючерстері барреліне 85,03 доллардан саудаланды. Оның бағасы 0,69 долларға немесе 0,80 пайызға арзандады.
Ал ресейлік Urals маркалы мұнайдың бағасы 2,20 долларға немесе 3,08 пайызға өсіп, барреліне 73,59 долларға жетті.
Айта кетейік, Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазы маңында танкерлер мен энергетикалық инфрақұрылым нысандарына жасалған шабуылдар жалғасып жатыр.
Дүйсенбі күні Сауд Арабиясы бастаған Араб коалициясы елдің шығыс бөлігіне бағытталған тағы бір ұшқышсыз ұшу аппаратының ұсталып, жойылғанын хабарлады.