16 шілдеге арналған ауа райы болжамы

16 Шілде 2023, 08:20
829
Бөлісу:
16 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Фото: архив

«Қазгидромет» 16 шілдеде еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Батыс Қазақстан облысының батысында солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында, күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай, қатты дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20, күндіз кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Абай облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының басым бөлігінде 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. 16 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. 16 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. 16 шілдеде облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай, облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 16 шілдеде облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының тау асуларында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. 16-18 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте 16-18 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. 16-17 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. 16 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстік жартысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстік жартысында найзағай күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында, күндіз оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. 16-17 шілдеде облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүтігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың басым бөлігінде 15-20, күндіз облыстың шығысында екпіні 23 м/с. 16 шілдеде Павлодар облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында батыстан жел соғады, күші 17-22, екпіні 28 м/с күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы