154 жылжымайтын мүлік, 19 көлік тәркіленді. ҚМА сотқа дейінге тергеуді бастады

31 Тамыз 2022, 15:46
1563
Бөлісу:
154 жылжымайтын мүлік, 19 көлік тәркіленді. ҚМА сотқа дейінге тергеуді бастады
Фото: inform.kz

ҚМА бірнеше ЖШС-ны рейдерлік жолмен басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Алдын ала болжам бойынша зардап шегушіге келтірілген шығын көлемі 18 млрд теңгеден астам қаражатты құрайды. А.ж. 14 шілдесінде Р.Бабаев, Т.Танашев, Д.Әбижанов және А.Алтыбасаровқа қатысты сот қамауға алуды санкциялады. Қоспаев, Шалин және Имашев халықаралық іздеуге жарияланды, - делінген хабарламада.

Мүлікті анықтау және тыйым салу шаралары қабылданды. Жоғарыда аталған азаматтардың $9 млн жуық құрайтын қаражаты, зергерлік бұйымдары тәркіленіп алынды. 

Күдіктілер мен оларға қатысты тұлғалардың 154 жылжымайтын мүлік объектісі, 19 көлік тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілуге жатпайды. ҚМА-ға аталған топ мүшелерінің рейдерлік әрекетінен зардап шеккен азаматтардан арыздар әлі де келіп түсіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы