1500-ге жуық техника Астана көшелерін қардан тазартып жатыр

3 Қаңтар 2024, 02:36
519
Бөлісу:
1500-ге жуық техника Астана көшелерін қардан тазартып жатыр
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Елордада коммуналдық қызмет мамандары тәулік бойы көшелерді толассыз жауған қардан тазарту жұмыстарымен айналысуда, деп хабарлайды BAQ.KZ әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Түнгі уақытта магистральдық көшелерде сыпыру-жинау техникаларымен қар қүреліп жатыр.

Жолдар, жаяу жүргіншілер жүретін жерлер мен басқа да қоғамдық орындар, жерүсті өткелдері мен тротуарлар, велосипедке арналған жолдар мен қоғамдық көлік аялдамалары қардан тазартылуда.

Биылғы қыс маусымы басталғалы Астанадан 920 мың текше метрден астам қар шығарылды. Жұмыс жалғасуда.

Түнгі уақытта 1400-ден астам арнайы техника мен 260-тан астам жұмысшылар көшелерді қардан тазартумен айналысуға кіріскен.

Синоптиктердің болжамынша, 3 қаңтарда елордада ауыспалы бұлт шығады, жауын-шашын жаумайды. Түнде және таңертең тұман түседі.

Шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ауа температурасы түнде -20-22°С, күндіз -13-15°С болады.

Аудандық әкімдіктерде қар күреу жұмыстарының барысын бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

Өзгелердің жаңалығы