15 облыста қосалқы шаруашылық үшін жер тапшы - Қарашөкеев

17 Қаңтар 2023, 11:51
849
Бөлісу:
15 облыста қосалқы шаруашылық үшін жер тапшы - Қарашөкеев

Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Қарашөкеевтің дерегіне сенсек, еліміздің 17 облысының  ішінен жеке қосалқы шаруашылыққа мал жаюы үшін 15 облыста жайылымдардың тапшылығы байқалады, әсіресе Түркістан, Қызылорда, Алматы және Атырау облыстарында.

Қазіргі уақытта Министрлік Мемлекет басшысының 2023 жылдың соңына дейін қосымша 5 миллион гектар пайдаланылмайтын жерлерге қатысты шаралар қабылдау жөніндегі тапсырмасын орындауға кірісті. Мәселен, 2022 жылдың қорытындысы бойынша ғарыштық мониторинг деректері негізінде Министрлік пайдаланылмаған және заңнаманы бұза отырып берілген 5 миллион гектар ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару бойынша 2023 жылға арналған жоспарды әзірледі және осы жоспарды аудандар бөлінісінде облыстар бекітті, - деп мәлімдеді министр. 

Өзгелердің жаңалығы