Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті тыйым салынған жануарлар дериваттарын өткізу әрекеті кезінде екі азаматты ұстады.
Мемлекет басшысының браконьерлікке қарсы күрес бойынша іс-шараларды күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау үшін, 2022 жылғы 15 наурызда ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті тыйым салынған жануарлар дериваттарын өткізу әрекеті кезінде екі азаматты ұстады.
Процессуалдық іс-қимылдар барысында жалпы салмағы 160 кг болатын 641 дана киік мүйізі алынды.
Облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының деректері бойынша қылмыстық әрекеттен мемлекетке залал 1,5 млрд теңгеге бағаланып отыр.
ҰҚК мәліметінше, күдіктілерге қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.