Қазақстанға соңғы 15 күнде 248 Қытай азаматы келген

4 Наурыз 2020, 18:08
9207
Бөлісу:
Қазақстанға соңғы 15 күнде 248 Қытай азаматы келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Қазақстанға 20 ақпан мен 4 наурыз аралығында Қытайдан 315 адам келген. Олар карантинде жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты.

2020 жылдың 1 ақпаны – 1 наурызы аралығында барлық елдерден  елімізге 1 606 851 адам келді. Оның ішінде 938 309 адам ЕАЭО елдерінен келген. Ал . 6 ақпан мен 1 наурыз аралығында ҚХР-дан 32 456 адам келді. Санитарлық дәрігердің қаулысына сай, санаттар бойынша айта кетейін. Келгендерде вирус деңгейі жоғары. Олар 1 "а" категориясына жататындар, яғни ҚХР мен Иран елдерінен келгендер.  Қытайдан келген 20 ақпан мен 4 наурыз аралығында 315 адам (64-і Қазақстан азаматы, 251-шетелдіктер, оның ішінде 248-і Қытай азаматы) қазіргі таңда карантинде жатыр. Иран Ислам Республикасынан осы аралықта 24 адам келген. Оның ішінде қазақстандықтар – 9, қалған 15-і ирандықтар, - дейді Диас Ахметшәріп. 

Оның айтуынша,63 адам коронавирусқа тексерілген, алайда оларда вирус анықталмаған.

1 Б санатына Қытайдың Гонк-Конг арнайы әкімшілік ауданы, сол сияқты Макао, Тайвань, Жапония және Италия кіреді. Осы 1 Б санаты бойынша үй карантинінде 512 адам жатыр. Оның ішінде 393-і Қазақстан азаматы болса, 119-шетелдіктер, атап айтқанда 50-і Корея, 65-і Италия, 4-еуі Жапония азаматы. ЖРВИ және тұмау белгілерімен 12 адам стационарға жатқызылды. Оның 9-ы Кореядан келген. Италиядан 1 адам және Мальтадан келген 1 адам бар, - деді ресми өкіл.
Өзгелердің жаңалығы