15 сәуірге арналған ауа райы болжамы

15 Сәуір 2020, 09:49
1760
Бөлісу:
15 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады.

Қазгидрометтің болжамына қарағанда, оңтүстік-батыстың кей жерлерінде қатты жаңбыр жауса, солтүстікте қар аралас жаңбыр жауады. Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Кей жерлерде тұман түсіп, желдің күшеюі, батыста шаңды дауыл соғады. 

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде екпіні 25 м/с күшейеді.

Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. 

Түркістан, Қызылорда, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. 

Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Күндіз Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарында шаңды дауыл күтіледі, жел 17-22 м/с күшейеді. 

Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15 м/с күшейеді.

Өзгелердің жаңалығы