14 жастағы Тоқаев

25 Наурыз 2023, 14:27
1313
Бөлісу:
14 жастағы Тоқаев

Әлеуметтік желіде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жас кезіндегі суреттері тарап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

1967 жылы 14 жасар Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық көлікте отыр. Сурет Қырғызстан мен Өзбекстан жеріне саяхат кезінде түсірілген.

Әлемдегі көптеген елдерге, соның ішінде Орталық Азия мемлекеттеріне жиі сапарға шығатын болашақ мемлекет басшысының қадамдары бәлкім осы жолдардан бастау алған болар, - деп жазады Ақпарат министрі Дархан Қыдырәлі.

Сарапшы Самат Нұртазаның пайымдауынша, Мемлекет басшысы осы жасынан бастап  дипломатиялық жолы басталған. 

14 жастағы Тоқаев

 Болашақ Қазақстан президентінің Сыртқы Істер министрлігіндегі дипломатиялық өмірлік жолы осындай кішкентай саяхаттардан басталған шығар … Қазіргі кезде, жасыратыны жоқ, 14 жаста кейбір балалар көрші қалаға бара алмайды, – деді Нұртаза.

Енді бір суретте Тоқаев 17 жаста. Келешек ел басшысы МГИМО-ның бірінші курсында оқып жүргенде түскен.

14 жастағы Тоқаев

 

Өзгелердің жаңалығы